Химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры Нажипқызы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасына үміткерлерге арналған нұсқаулықты әзірлеу жұмысына белсенді түрде қатысып, өз үлесін қостыFarabi University

Химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры Нажипқызы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасына үміткерлерге арналған нұсқаулықты әзірлеу жұмысына белсенді түрде қатысып, өз үлесін қосты

16 наурыз, 2026

Профессор Нажипқызы «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында Ұлыбританияда ғылыми тағылымдамадан өту барысында «Болашақ» стипендиясына үміткерлерге арналған нұсқаулықты дайындауға атсалысты.

Аталған нұсқаулық қазіргі таңда qazgraduates.uk Instagram парақшасында қолжетімді. Оны жүктеу үшін taplink.cc/qazgraduates сілтемесіне өтіп, Events and Resources бөлімін ашу қажет. Нұсқаулықты екі тілде жүктеуге болады.

Бұл материалдар Ұлыбританияға «Болашақ» бағдарламасы арқылы барғысы келетін үміткерлер үшін толық әрі пайдалы ақпарат ұсынады. Нұсқаулықтың қазақ және орыс тілдеріндегі 3.0 нұсқасы — соңғы, жаңартылған нұсқа болып табылады.

Аталған материалдар болашақ үміткерлерге үлкен көмек болады деп сенеміз.