«Әл-Фараби трактаттары: даналық пен білім негізі» атты зияткерлік ойын
2026 жылдың 18 наурызында Филология факультетінде ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында «Әл-Фараби трактаттары негізінде зияткерлік интеллектуалдық ойын пікірталас» өтті. Шара БҰҰ-ның ТДМ 4: «Сапалы білім» мақсаты аясында студенттердің интеллектуалдық әлеуетін арттыру және ұлттық құндылықтарды тереңдету бағытында ұйымдастырылды.
Зияткерлік ойын барысында студенттер әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Ғылымдардың шығуы» және «Бақытқа жету жолы» атты іргелі трактаттарындағы философиялық тұжырымдарды талқылады. Пікірталас келесі кезеңдерді қамтыды:
- «Данышпан ойы»: Ойшылдың нақыл сөздері мен логикалық тұжырымдарын талдау.
- «Ізгілік пен білім»: Қазіргі заманғы білім беру мен тәрбие үдерісіндегі Фараби идеяларының өзектілігі.
- «Болашақ қала»: Тұрақты даму мақсаттары мен «қайырымды қала» тұжырымдамасының сабақтастығы.
Шара студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытып, ортағасырлық түркі-ислам философиясының қазіргі ғылымдағы маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Рахымбаев Аят, 2 курс студенттері.
Басқа жаңалықтар