ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Farabi University

ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

20 наурыз, 2026

Құрметті әріптестер, қадірлі оқытушылар мен білім алушы жастар! 

Сіздерді қастерлі мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл ұлық мейрам – рухани тазарудың, сабырлылық пен кешірімділіктің жарқын көрінісі. Отыз күн бойы сабыр мен қанағатты серік етіп, ізгілікке ұмтылған жандар үшін Ораза айт – рухани толысудың нышаны.

Біздің университетіміз үшін де бұл – бірлік пен ынтымақты нығайтатын, ұжымдық рухты асқақтататын ерекше сәт.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз құттықтауында: «Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі», – деп атап өтті.

Президентіміз айтқан бұл асыл қасиеттер – білім мен ғылым жолындағы біздің де басты бағдарымыз. Біз ең алдымен имандылық пен парасаттылықты ту еткен тұлға тәрбиелеуді мақсат етеміз.

Осы берекелі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Жүректеріңізге тыныштық пен қуаныш орнасын! 

Ізгі ниетпен,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Басқарма Төрағасы – Ректор  Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ