Армандар орындалатын білім ордасы
Армандар орындалатын білім ордасы. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас талапкер үшін өмірінің жаңа бір кезеңі ашылады. Бұл кезең – қызыққа толы тәтті шақ “студенттік өмір”. Талабы мен қалауына сүйеніп мамандық таңдаған талапкер жоғары оқу орнына түседі. Кешегі мектептегі оқушы ендігі кезекте студент атанады. Міне, дәл осы студенттік шақты көңілді, әрі болашақ үшін пайдалы етіп өткізу үшін және жан жақты тұлға болып қалыптасу үшін жоғары оқу орнының қосар үлесі зор. Жоғары оқу орны студентті белгілі бір мамандық иесі, қазіргі заманғы қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлға және алдағы жауапкершілік пен қиыншылықтарға толы өмірге бейім адам етіп қалыптастыратын тәрбие ошағы болып табылады. Сондықтан, жоғары оқу орнын таңдаған кезде өте мұқият болу қажет. Менің өмірімде де дәл осындай маңызды таңдау қажеттігі туған еді. Менің таңдауым – Әл-ФарабиатындағыҚазақҰлттықУниверситеті болды. Қазіргі таңда мен осы киелі білім ордасының студентімін және осы таңдауыма ешбір өкінбеймін. Әл-ФарабиатындағыҚазақҰлттықУниверситеті сексен жылдан астам тарихы бар, білікті профессорлар мен ұстаздар ұжымы қызмет ететін, шетелдік университеттермен тең дәрежелі серіктестікке ие, Қазақстанның түкпір-түкпірінен білім нәрімен сусындау үшін келген ең білімді, ең дарынды, озат студенттердің ордасы. Университет қабырғаларында студенттерге сапалы білім беріледі, сондай-ақ суденттерге өздерінің табиғи дарыны мен қабілеттерін шыңдау үшін алуан түрлі мүмкіндіктер бар. Осындай мақсатта, университетте көптеген студенттік ұйымдардың басын қосатын Жастар Ұйымдарының Комитеті жұмыс істейді. Мұнда әрбір студент әртүрлі ұйымдардың жұмысымен және мақсатымен таныс болып өзінің жанына жақын ұйымға мүше бола алады. Университет тарапынан да студенттерге көптеген жағдайлар жасалған. Мұның бірден бір көрінісі – Алматының тау бөктеріндегі студенттік қалашық. ҚазҰУ-нің студенттік қалашығын оның көлемі мен масштабын ескерсек “қала ішіндегі қалашық” деп атасақ та болады. Мұнда студенттер сарайы, оқу корпустары, заманауи кітапхана, оқу корпустары, жатақхана блогы және студенттерге қызмет көрсету орталығы “Керемет” орналасқан. Сонымен қатар, студенттерге қызмет көрсету орталығының бірінші қабаты студенттердің қажеттерін қамтамасыз ету үшін медициналық орталық, кинотеатр, супермаркет, дәріхана, тіпті кір жуу блогтарымен жабдықталған. Студенттерге қойылатын талап ҚазҰУ студентінің кодексіне сәйкес абыройлы студент атағына кір келтірмей білім нәрімен сусындау…Сөз соңында, ҚазҰУ-де шынымен де барлық армандар жүзеге асады дегіміз келеді.
Н. Шарыпқазы, ҚазҰУ Шығыстану факультетінің оқытушысы