Әлішерова Айгерім БақытжанқызыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03104 – Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Әлішерова Айгерім Бақытжанқызының «Саяси реформалар кезіндегі студенттік жастардың саяси мәдениетінің трансформациялану ерекшеліктері (Алматы қаласы мысалында)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Рыстина Индира Садыбековнасаясаттану ғылымдарының PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі Басқарма мүшесі–проректоры (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: “6D050200 - Саясаттану”.

2. Кадыржанов  Рустем  Казахбаевичфилософия ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Философия, саясаттану және дінтану институтының” бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: “09.00.08 - жаратылыстану мен техниканың философиялық мәселелері”

Ғылыми кеңесшілер:

1. Төлен Жеңісбек Мұратбекұлысаясаттану ғылымдарының PhD докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясы Білім және қоғамды дамыту ғылыми орталығының басшысы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Александр К.Динер – PhD, профессор, Канзас университеті (Канзас, АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы – саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің əлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);

2. Пұсырманов Нұрбек Серікұлы  саясаттану ғылымдарының PhD докторы,  Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директоры (Астана қ., Қазақстан);

3. Малышева Дина Борисовна – саяси ғылымдарының докторы, «Ресей Ғылым академиясының Е.М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің «Посткеңестік зерттеулер» орталығындағы «Орталық Азия» секторының бас ғылыми қызметкері (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).

Қорғау 2026 жылдың 29 сәуір күні сағат 14:00 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/92054685057?pwd=ZSspE9Mqn3vV1bXzzi9E1KGe3N8ZHx.1 

Идентификаторы: 920 5468 5057

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы