Алматыда халықаралық конференцияда Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуін дамыту мәселелері талқылануда
Алматыда халықаралық конференцияда Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуін дамыту мәселелері талқылануда. АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетінде «Жаңа Жібек жолы экономикалық беледуі: Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің ынтымақтастығы және тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Оның жұмысына Қазақстан, Қытай, Ресей, АҚШ, Үндістан және басқа да елдердің тарихшы, шығыстанушы ғалымдары, философтар, сондай-ақ, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері қатысуда. «Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты - стратегиялық әріптестік деп айтуға болады. Қытай қазіргі таңда «Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасын ортақ сипатта құруды ұсынып отыр. Осы тұрғыда екі ел арасында қандай салаларда өзара ынтымақтастық орнатуға болады? Біздің түйісетін тұстарымыз көп. Бұл жерде алдымен білікті ғалымдардың сараптамасы, пікірі, ұсыныстары ауадай қажет. Бірақ, қалай болғанда да кез келген ынтымақтастықты ұлттық мүдде, ұлттық тәуелсіздік, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарастыруға тиіспіз. Барлық елдер солай жасайды. Сол үшін Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуін дамытуда бізге бірінші кезекте өзара түсіністік қажет», - деді өз сөзінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қытайтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұхаметханұлы. Конференция барысында өткізілетін пленарлық және секциялық мәжілістер барысында «Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасына қатысты ондаған баяндамалар оқылады. Конференция жұмысы жалғасуда. Ол екі күнге созылады. Конференция соңында тиісті қарар қабылданады.