«Заң мен тәртіп»: жастардың құқықтық мәдениетіFarabi University

«Заң мен тәртіп»: жастардың құқықтық мәдениеті

30 наурыз, 2026

30 наурыз күні «Заң мен тәртіп» бағыты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған дәріс өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың құқықтық мәдениеті».

Іс-шара барысында Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Қанат Насырұлы Алихан дәріс оқыды.

Дәріс барысында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң үстемдігін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары және азаматтық жауапкершілікті күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу болды.

Шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы адалдық пен әділеттілік қағидаттарын нығайту.

Ұйымдастырушы: "Менеджмент" кафедрасының оқытушылары Боранбай А.А, Унербаева Р.У