- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Ньютон-Әл-Фараби" бағдарламасы аясында “Impact-факторы” бар жариялымдарды даярлау атты семинар өтеді
"Ньютон-Әл-Фараби" бағдарламасы аясында “Impact-факторы” бар жариялымдарды даярлау атты семинар өтеді
Британ Кеңесi, Кәсіби Өрлеу және Ынтымақтастық Орталығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Технопаркімен бірлесе отырып “Ньютон-Әл-Фараби” үкімет аралық қазақ-британ бағдарламасы аясында “Impact-факторы” бар жариялымдарды даярлау атты семинар өткізеді.
Семинардың көздеген мақсаты: рейтингі жоғары баспасөз беттеріне жариялымды даярлау барысында зерттеушілердің кәсіби қабілеттілігін арттыру.
Семинарды өткізетін – “impact-факторы” бар баспасөз беттерінде ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялауда үлкен тәжірибесі бар Доктор Амос Фатокун мырза.
Осы шара 2016 жылдың 3-ші маусым күні сағат 9:00-дан 17:00-ге дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Технопарк ғимаратында болады. Семинар ағылшын тілінде өтеді (Common European Framework of Reference for Languages стандарттарына сәйкес тіл меңгеру деңгейі B2 болуы тиіс).
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша Диляра Вудворд ханымға мына электрондық мекен-жай бойынша хат жолдай аласыз cpdkaznu@gmail.com немесе мына номерге хабарласуыңызға болады +7 (777) 203 2574