Аккредитациялау – қоғамдық мүддені қолдаудың жаһандық құралы
Аккредитациялау – қоғамдық мүддені қолдаудың жаһандық құралы
әл-Фараби Ғылыми Кітапханасында ЖШС «Ұлттық аккредитациялау орталығы» өкілдерінің қатысуымен Халықаралық аккредитациялау күні негізінде «Аккредитациялау – қоғамдық мүддені қолдаудың жаһандық құралы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
ЖШС «Ұлттық аккредитациялау орталығының» бас директоры Құрманғалиев Серік Шолпанкұлұлы дөңгелек үстелді аша отырып Қазақстан Республикасының аккредитациялау жүйесінің даму келешегі мен қазіргі жағдайын баяндай отырып, қызметтің барлық салаларындағы стандарттарды қолдану және метрология ережелерін сақталуы нарыққа шығуында өнімнің бәсекеге жарамдылығының басты шарты болып табылатынын айта кетті.
Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Рамазанов Т.С. дөңгелек үстелде қатыса отырып, университеттің ғылыми-зерттеу зертханаларынның ҚР, сондай-ақ халықаралық деңгейде аккредитациялау жүйесінде зертханаларды аккредитациядан өткізуді жалғастыру керектігін және оның маңыздылығын атап өте, университеттің аккредитация саласында ынтымақтастығын нығайтуға дайын екендігін айтты. Осылайша дөңгелек үстел барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ЖШС «Ұлттық аккредитациялау орталығы» арасында ғылыми-зерттеу зертханаларын аккредитациядан өткізу, техникалық ақпарат алмасу, кадрларды дайындау, сонымен қатар зертханаларды аккредитациядан өткізуге дайындайтын қызметкерлердің біліктілігін арттыру аясында меморандумға қол қойылды.
Дөңгелек үстелде қызметтері метрология ережелерін сақтауға және стандарттарды сақтауға тура және жанама қатысы бар түрлі ұйымдардың басшылары ЖШС «InterCert Сертификациялау орталығы», РМК «ҚазМетрИн», АҚ «NOBEL» және т.б. қатысты. Қатысушылар санатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң қызметкерлері және физика-техникалық факультетінің «Стандарттау, метрология және сертификттау» мамандығының студенттері мен магистранттары болды.
«Аккредитациялау – қоғамдық мүддені қолдаудың жаһандық құралы» тақырыбында дөңгелек үстел 2016жылдың 9 маусымында ұйымдастырылды.
Фото: Жүнісбеков Марат