Инженерлік бағыттағы оқытушыларды педагогика жағынан дайындау»
30 сәуір 2026
Жоба акронимы: ENTER
Тіркеу нөмірі: 598506-EPP-1-2018-1-PT-EPPKA2-CBHE-JP
Іске асыру мерзімі: 15.11.2018 – 14.11.2022
Жобаның мақсаты
Инженерлік пәндер оқытушыларын халықаралық желілік ынтымақтастық негізінде жаңа көп деңгейлі модульдік педагогикалық дайындау жүйесін әзірлеу.
Жобаның міндеттері
- Жоғары білікті инженер-педагогтарды даярлаудың тиімді әдістері бойынша еуропалық тәжірибені талдау
- Инженер-педагогтар үшін үш бағдарламаны (базалық, негізгі, жетілдірілген) әзірлеу, модульдердің өзгермелі жиынымен және заманауи оқыту технологиялары негізінде (соның ішінде e-learning)
- Инженерлік педагогика бойынша жеке траекториялар құру технологияларын әзірлеу
- Модульдерді іске асыру және нәтижелерді таратуда халықаралық ынтымақтастық моделін әзірлеу
- Желілік ынтымақтастық үшін ілеспе құжаттар мен ережелерді әзірлеу
- Инженер-педагогтар меңгерген кәсіби құзыреттіліктерді бағалау критерийлерін және оқу бағдарламаларының сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу
- Пилоттық бағдарламаларды іске асыру нәтижелерін бағалау
Жобаның сайты: жоқ
Жоба консорциумының құрамы
| Университет / Ұйым | Ел |
|---|---|
| Порто Политехникалық институты | Португалия |
| Дубница-над-Вагомдағы Технологиялық институт | Словакия |
| Таллинн Техникалық университеті | Эстония |
| «Болон клубы» білім стратегиялары және бастамалар агенттігі | Ресей |
| Ресей Инженерлік білім беру қауымдастығы | Ресей |
| Вятка мемлекеттік университеті | Ресей |
| Дон мемлекеттік техникалық университеті | Ресей |
| А.Н. Туполев атындағы Қазан ұлттық зерттеу техникалық университеті | Ресей |
| Тамбов мемлекеттік техникалық университеті | Ресей |
| Томск политехникалық университеті | Ресей |
| Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті | Қазақстан |
| Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | Қазақстан |
| Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығы KAZSEE | Қазақстан |
Жобаның нысаналы топтары
Инженерлік бағыттағы оқытушылар, инженерлер даярлайтын ЖОО-лар.
Жобаның нәтижелері
Аккредиттелген біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы
ҚазҰУ-дағы жобаның жергілікті координаторы
Нұрғалиева Қ.Е.
Байланыс телефоны: +7 707 828 9010
Жоба галереясы




Басқа жаңалықтар
14 мамыр 2026
13 мамыр 2026