Әйгілі қаржыгер Сорос әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стандарттарын жоғары бағалады
Америкалық қаржыгер және филантроп Джордж Сорос «Ашық Ресей» клубына Лондонда берген сұхбатында Қазақстанның тәуелсіздік алған уақытынан бергі жетістіктері туралы баяндап өтті. Дж.Сорос посткеңестік кеңістікте Қазақстан ең дамыған және тәуелсіз ел екенін атап өтіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ортаазиялық аймақта басқа университеттерге қарағанда білім беру стандарттары жоғары екенін айрықша басып айтты.
Әйгілі инвестор және қайырымдылық ұйымдар желісін құрушының сондай жоғары бағасы қазақстандық білім беру жүйесі әлемде танымал әрі бәсекеге қабілетті болып дамып келе жатқандығын көрсетеді. ҚазҰУ Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ны ретінде осы бағытта үлкен жұмыс атқаруда. Университетте білім беру процесінің толық модернизациясы және оқу бағдарламаларының әртараптандыруы жүргізілді, - деп хабарлайды ҚазҰУ баспасөз қызметі. Әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-ы бағдарламасымен салыстыруға болатын, бірегей білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Білім беру және ғылымның интеграциясы шеңберінде университетте «Hewlett-Packard», «Microsoft», «Cisco», «Konika Minolta», FUJITSU, «Samsung» және т.б. дүниежүзіне белгілі компаниялардың ғылыми оқытушылық орталықтары және лабораториялары құрылды. Шет елдік әйгілі AQUIN және ASIIN агенттіктерінің алдыңғы қатарлы технологияларды, білім беру бағдарламаларының сәтті аккредитациясын енгізуінің, сондай-ақ академиялық ұтқырлықтың белсенді дамуына байланысты университет шет елдік азаматтарды көбірек қызықтыруда.
Танымал халықаралық «Great Value Colleges» ұйымының нәтижесі бойынша ҚазҰУ әлемнің технологиялық ең дамыған 50 университетінің қатарына кірді. ТМД ғана емес, Шығыс және Орталық Европа қатысушы елдерінің жалғыз өкілі бола отырып, университет берілген рейтингте 31 орынға ие болды. Сонымен қатар ҚазҰУ әлем ЖОО-ның QS халықаралық рейтингінде жоғары орынға жетті және әлемнің ең үздік университеттерінің топ-300 қатарына енген жалғыз Орталық Азия университеті. Қазақстандық университеттің әлемдік беделінің өсуі туралы сондай-ақ ҚазҰУ-дың БҰҰ-ның «United Nation Academic Impact» (БҰҰ-ның академиялық ықпалы) Ғаламдық хабымен және ЮНЕСКО-ның білім және ғылым саласында тұрақты даму бойынша Аймақтық хабымен мойындалуы дәлелдейді.
ҚазҰУ баспасөз қызметі
8(727) 377 3148/49