Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық «Жібек жолы» жазғы мектебі өтуде. Әріптестік туралы келісім аясында Гонконг политехникалық университетінен, Сиань көлік университетінен, Пекин технология университетінен барлығы 50-ге тарта студент пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері ағылшын тілінде «Ұлы Жібек жолындағы Орталық Азия мен Қазақстан: экономика, саясат және мәдениет» атты курс тыңдайды.
Халықаралық жазғы мектеп барысында қытай жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары Жібек Жолын дамытудағы Қазақстан Республикасының ролін, Қазақстан мен Орталық Азияның сыртқы саясатын, халықаралық қатынастарындағы өзекті мәселелерін талқылайды. Тиімді диалогтар мен үздіксіз қарым-қатынасты орнатуды көздеген дәрістер мен пікірталастарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең үздік профессорлары мен оқытушылары және БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғаммен байланыс департаментінің мамандары өткізеді.
Халықаралық жазғы мектептің бірінші бөлімі ҚХР-ның Сиань қаласында өткен болатын. ҚазҰУ студенттері ұйымдастырушылар есебінен жазғы мектеп жұмысына белсенді атсалысып, курсты үздік тәмәмдағандары туралы сертификаттар алды.
ҚазҰУ-дағы жазғы мектеп құрамында 31 мемлекеттен 128 жоғары оқу орны бар жаңа Жібек Жолы университеттері Халықаралық Альянсымен әріптестікті дамыту аясында ұйымдастырылып отыр. Альянс жұмысы түрлі мемлекеттердегі университеттер арасындағы жоғары білім беру саласындағы байланысты нығайту мен әріптестікті дамытуға бағытталған.
Жібек Жолы университеттері Халықаралық Альянсы аясында ұйымдастырылып отырған іс-шара қатысушыларына арналған мәдени бағдарлама да қызықты әрі қанық болмақ. Олар ҚР Ұлттық музейін, Медеу мұз айдынын, түйе фермасын, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тарихи ескерткіштер мен қаладағы басқа да көрікті жерлерді аралайды.
Жазғы мектеп жұмысы аяқталған уақытта шетелдік және қазақстандық студенттер Қазақстан туралы көптеген жаңа ақпараттарға қанығып, жағымды әсерлер мен жарқын сәттерге толы естеліктермен жаңа оқу жылын бастамақ. Сонымен қатар жазғы мектеп қатысушылары емтихандар мен тестерді үздік тапсырып болғаннан кейін халықаралық сертификаттар алады.
Өтетін орны: әл-Фараби кітапханасы, №1 Мәжіліс залы (4-қабат)
Өтетін уақыты: 26 шілде- 2 тамыз 2016ж.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Баспаcөз қызметі
8(727) 377 3148/49