Жастар таңдауы – ҚазҰУ!

8 тамыз, 2016

Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық байқау комиссиясының хабарлауынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі ЖОО арасында ең көп грантқа ие болған оқу орны.

Биыл талапкерлердің көпшілігі ҚазҰУ-ды таңдады. Аталмыш көрсеткіш талапкерлердің ТМД және әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіретін ұлттық университетке артқан көп жылдық сенімінің нәтижесі.

Бүгінде ҚазҰУ елімізде белді мектеп қана емес, сонымен қатар жоғары білім беру жүйесінің даму бағытын айқындайтын басты оқиғалар ошағы. Сапалы білім мен жоғары көрсеткіштер ең алдымен білім берудің негізгі үш тағанына тәуелді. Біріншіден, әлемдік деңгейдегі білім беру бағдарламалары. Мұнда білім беру үдерісі ғылыммен тығыз байланыстырылып, оқу-құрастыру жұмыстары белсенді жүзеге асатынын ерекше атап өту керек. Екіншіден, халықаралық стандарттарға сай техникалық жабдықталған оқу ғимараттары. Жастарды көбіне инновациялық білім беру бағдарламалары қызықтырады. Үшіншіден, студенттік өмір қызықтары. ҚазҰУ қалашығында студенттерге қызмет көрсету орталығының да жемісті жұмыс жасап тұрғанын айтуға болады.

ҚазҰУ-да үлкен ұжымның арқасында студенттер өздерінің шығармашылық дамуы үшін қажет болған ақпаратқа оңай қол жеткізе алады. Қазақ білімінің қара шаңырағын тәмәмдаған көптеген жастар өздерінің ғылыми қызметін әрі қарай еш кедергісіз университет қабырғасында жалғастырып келеді.

 

Баспасөз қызметі