Жоғары мектептерде психологиялық қолайлы орта қалыптастырудың маңызы — ҚазҰУ

Жоғары мектептерде психологиялық қолайлы орта қалыптастырудың маңызы

31 тамыз 2026
Жоғары мектептерде психологиялық қолайлы орта қалыптастырудың маңызы

Жоғары білім беру мекемелері мен ғылыми орта аса күрделі, көпдеңгейлі және көпфункционалды жүйе болып саналады. Оның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – психологиялық құрауыштар мен аспектілер. Психологиялық бөлікке білім беру үдерісіне қатысушылардың эмоционалдық ахуалы, субъективтік сезімі, өзара қарым-қатынас, сондай-ақ олардың қауіпсіздік пен қолайлылықты қалай бағалауы жатады. Психологиялық тұрғыдан қолайлы ортаны құру – бұл тек педагогикалық-психологиялық мәселе емес, бұл қоғамдық денсаулық, білім сапасы және ұлттық адам капиталының дамуы тұрғысынан стратегиялық маңызға ие міндет.

Педагогикалық және ғы­­лы­ми қызмет ерекше эмо­цио­налдық және интеллек­туалдық жүкте­ме­­мен байланысты. Зерт­теулер көрсеткендей, пе­дагогтар мен ғалымдар кә­сіби стрестің жоғары дең­гейіне жиі ұшы­рай­ды. Кәсіби сарқылып қажу (выгорание) феномені ғылыми-педаго­ги­ка­лық ортада ерекше кең та­ралған. Америкалық психолог Кристина Маслач тұжы­рым­дамасы бойынша, қажу, «жанып күйіп кету» моделі үш құрамнан тұрады:

 

1.  Эмоционалды сарқылу;

2.  Деперсонализация (адам­­дарға деген теріс, немқұрайды көзқарас); Деперсонализация қазіргі уақытта «цинизм» ұғымымен алмастырылуда. Оның дегуманизацияға (мейі­рі­м­сіздікке) айналу қаупі бар. 

3.  Кәсіби жетістіктердің тө­мендеуі.

 

Жалпы, психологиялық қо­­­лайлы орта осы үш компо­нент­тің дамуына кедергі жа­сайды. Қолдау, ашықтық, кері байланыс және рефлексия жағдайында педагог өзінің кәсіби және жеке ресурстарын уақтылы қалпына келтіре алады.

Психологиялық қолайлы орта – бұл адамның өзін қауіпсіз, құнды және қолдау табатын тұлға ретінде сезінетін әлеуметтік-психологиялық кеңістік. Мұндай ортада адамдардың эмоционалдық тепе-теңдігі, ынтымақтастығы мен шығармашылық әлеуеті артады.

Біз күнделікті өмірде ма­­те­риалдық құндылықтарға, жоспарға және стратегиялық мақсаттарға көп көңіл бө­­ле­міз. Дегенмен адам ре­­сурс­тарының тиімді жұмыс істеуіне әсер ететін ең ма­ңызды факторларының бірі – психологиялық ахуал мен психологиялық орта. Ол көзге көрінбесе де, әрбір әре­кеттің, шешімнің және қа­рым-қатынастың сапасын айқындайды.

Қысқасы, психологиялық тұрғыдан қолайлы орта де­­ге­німіз – адам өзін қауіпсіз сезінетін, пікірін еркін біл­ді­ре алатын, қателесуден қо­­рықпайтын және өз үле­сін қоса алатын кеңістік. Мұндай ортаны құру тек моральдық міндет емес, бұл – ұзақ мерзімді та­­быс­тың, денсаулықтың және тұрақты дамудың кепілі. Бас­қару психологиясы оны шығармашылық пен инновацияны ынталандыратын фактор ретінде қарастырады. Басқарушылық шешімдерде психологиялық факторлар­ды ес­керу аса маңызды. На­ғыз мықты басшылар коман­да­сы­ның психологиялық ахуалына мән береді. Себебі олар тү­сінеді: адамдар қор­қы­ныш­тан емес, шабыттан жақ­сы жұмыс істейді. Адамдар қы­сымнан емес, сенімнен өсе­ді.

Зерттеулер көрсеткендей, адам өзін қауіпсіз сезінген жағ­дайда ғана шынайы шы­ғар­машылық таныта алады. Қор­қыныш пен қысым болған жерде ойлау шектеледі, адам тек бекітілген ережелер бойынша әрекет етеді. Ал қолайлы ортада адам жаңа идеялар ұсынуға, тәуекелге баруға және стандартты емес шешімдер қабылдауға дайын болады. 

 

Психологиялық тұрғыдан қолайлы білім беру ортасы – бұл білім беру жүйесі сапасының негізгі шарты. Ол педагогтар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби әл-ауқатын, психикалық ден­сау­лығын және шығармашылық әлеуетін сақтайды.

 

Позитивті психологиялық орта ұжымдағы сенім мен ын­тымақтастықты артты­ра­ды. Жалпы, қолайлы пси­хо­логиялық ахуал ашық диалогтың негізі. Адамдар бір-біріне сенсе, ұжымдағы шиеленіс азайып, қақтығыстар сындарлы түрде шешіледі. Кері байланыс сыннан гөрі да­мытушы сипатта болуы тиіс. Мұнда құрғақ сынау емес, балама (альтернативті) шешімдерді ұсыну орын алады. Қызметкерлер, әріптестер бірін-бірі қолдап, ортақ мақ­сатқа бірге ұмтылады. Пси­хо­­логиялық қысым аз болған сайын, адамның назары жұ­­мысқа ауады. Ол ішкі мә­­се­лелерге емес, нақты тап­сырмаларды орындауға жұмылады. Бұл өнімділіктің артуына, шешімдердің тез қабылдануына және жалпы тиімділіктің жоғарылауына алып келеді. Бұл эмоционалды тұрақтылықты қамтамасыз етеді және психологиялық ре­сурстарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Өмір барысы көрсеткендей, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер арасында бейресми кәсіби бірлестіктер, пікірталас алаңдары, ғылыми семинарлар мен воркшоптар ұйымдастыру ұжымдық сенім мен өзара қолдауды нығайтады. Оның бір жарқын кө­рінісі ретінде 1-26 маусым айында ҚазҰУ-да Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы ұйымдастырған доктор Раб Наваз Лодхи (Пәкістан) докторанттарға, жас ғалымдарға және оқыту­шы­ларға арналған воркшопты ерек­ше атап өтуге болады. Қызметкерлерден, докторанттардан жаңашылдықты, сапалы мақалаларды талап етпес бұ­рын, олардың біліктілігін арт­тыруға көңіл болу өзінің тиім­ділігін көрсетті. 

Ғылыми-педагогикалық қауым­­дастықта психологиялық қолайлы ортаны диагностикалау үшін мынадай индикаторларды пайдаланады:

 

1) Эмоционалды ахуал (ұжымдағы көңіл күй, мазасыздық деңгейі, агрессия немесе апатияның көріністері);

2) Қарым-қатынас сапасы (қақтығыстар деңгейі, диалогқа дайындық, кері байланыс мәдениеті);

3) Кәсіби өсу мүмкіндігі (тренингтер, семинарлар, коучинг, біліктілікті арттыру жүйесі);

4) Басқару стилі (басшылық­тың ашықтығы, әділдігі, қызметкерлердің шешім қабылдауға қатысуы);

5) Ресурстар мен жүкте­ме (жүктеменің адекваттылығы, уақыттық ресурстың жеткіліктілігі);

6) Құндылықтар бірлігі (ортақ мақсаттар, академиялық еркіндік, кәсіби этика);

 

Психологиялық қо­лай­лы ор­­таның ғылыми-педагогикалық тиімділігіне төмендегі аспек­ті­лерді жатқызуға болады:

 

•   Академиялық өнімділіктің артуы (педагогтардың кәсіби шаршауы азайып, оқыту са­пасы артады);

•   Ғылыми өнімділіктің өсуі (зерттеушілердің мотивациясы мен шығармашылық белсенділігі артады);

•   Инновациялық белсен­ділік (педагогтар мен ғалымдар жаңа тәсілдерді енгізуге белсендірек қатысады);

•   Сабақтастық пен тұрақтылық (білім беру ұйымдарында кадрлардың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі);

•   Имидждік тиімділік (психологиялық қолайлы орта жоғары білім беру мекемесінің беделін арттырады.

 

Психологиялық тұрғыдан қолайлы білім беру ортасы – бұл білім беру жүйесі сапасының негізгі шарты. Ол педагогтар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби әл-ауқатын, психикалық ден­сау­лығын және шығармашылық әлеуетін сақтайды. Психоло­гия­лық қолайлы ортада адамдар:

•   аз ауырады – олардың иммунитеті күшті, себебі стрестің әсері азаяды;

•   ұзақ жұмыс істейді – олар жұмысқа күшпен емес, ынтамен келеді;

•   көбірек ойлап табады, істейді, жаңашыл болады;

•   бір-біріне көмектеседі, ынтымақтасады;

•   ең бастысы – олар өмірге риза болады.

 

Адам – өте нәзік жаратылыс. Ол суықта тоңады, ыстықта күйеді, ал жылылықта гүлдейді. Психологиялық қолайлы орта – сол жылылық. Оны сақтай білейік. Біз күллі әлемді өзгерте алмауымыз мүмкін. Бірақ біз өз айналамызды өзгерте аламыз. Біз бір-бірімізге дем бола аламыз әрі біреудің күнін жақсы ете аламыз. Ересек адам үшін жұмыс орны – оның өмірінің үштен бір бөлігі. Ол жерде ол күніне сегіз сағат немесе одан да көп уақыт өткізеді. Де­мек, жұмыс орнындағы пси­хологиялық ахуал аса маңызды фак­тор екені айқын. 

Ойымызды түйіндей келсек, психологиялық қолайлы орта – тек моральдық құндылық емес, ол тікелей экономикалық тиімділікті айқындайтын фактор. Ол ұйымның брендін ны­ғайтып, ұжымдық рухты күшей­теді, қызметкерлердің адал­дығын, ниеттестігін (лоял­дықты) арттырады. Психо­логия ғылымының зерттеу нә­тижелерін менеджментте пайдалану өте пайдалы ресурс.

 

 

Жарас СЕЙІТНҰР,

Жалпы және қолданбалы 

психология кафедрасының ассистент- профессоры,

 психология ғылымының 

кандидаты