әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Бердіахметқызы Сәлиқаның «Кіші Аралдағы кәсіптік маңызы бар балықтарының паразитоздары» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының паразитология және микология зертханасы базасында (Алматы қ., Қазақстан) орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Исбеков Куаныш Байболатович – биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ аграрлық ғылым академиясы академигі, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ғылым жөніндегі атқарушы директоры, (Алматы қ., Қазақстан); Мамандығы: 03.02.14-Биологиялық ресурстар.
2. Ахметов Канат Комбарович - биология ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының директоры. (Павлодар қ., Қазақстан); Мамандығы: 03.00.19-паразитология.
Ғылыми жетекшілер:
1 . Абдыбекова Аида Макеновна – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «ҚазҒЗВИ» ЖШС-нің бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);
2. Paul R. Torgerson – PhD, профессор, Цюрих университеті, ветеринария факультеті, эпидемиология бөлімінің басшысы (Цюрих қ., Швейцария).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Жумабекова Бибигуль Кабылбековна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Жаратылыстану жоғары мектебі (Павлодар қ., Қазақстан).
2. Гинаятов Нурбек Сатканулы - PhD, қауымдастырылған профессор, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Сынақ орталығының инфекциялық аурулар биотехнологиясы және диагностикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері (Орал қ., Қазахстан).
3. Қазыхан Оралғазы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Шихэцзы университетінің Жануарлар ғылымы және технологиясы институтының профессоры (Шихэцзы қаласы, ҚХР).
Қорғау 2026 жылы 9 қазан сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/98625961724?pwd=Hxdya9RMDhFTakPpyC6DaUAca6vyar.1
Конференция идентификаторы: 986 2596 1724
Басқа жаңалықтар