ҚазҰУ – жастар таңдауы!
Мемлекеттік білім беру гранттарының саны бойынша Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетті дәстүрлі түрде бірінші орынға ие болды. Биыл ұлттық университетте бакалавриатта 3071 студент мемлекеттік грант негізінде білім алады. Олардың көбі «Алтын белгі», ерекше аттестат иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.
Биылғы оқу жылында талапкерлер мамандық таңдауда гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытына басымдық берген. Радиотехника, электроника және телекоммуникация, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, биотехнология, аударма ісі, халықаралық қатынастар, заң, қаржы, есеп және аудит, экономика және халықаралық құқық мамандықтарына сұраныс жоғары. Халықаралық жоғары талаптарға сай заманауи білім беру бағдарламалары, білім берудің озық технологиялары, инфрақұрылымы дамыған бірегей студенттік кампус пен белсенді студенттік өмір жастарға сапалы білім алып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктрін жүзеге асыруға жол ашпақ.
ЖОО жалпы ұлттық рейтингінде көш бастап тұрған ҚазҰУ Қазақстан ЖОО арасында бірінші болып, әлемнің технологиялық дамыған ең үздік 50 және әлемнің ең үздік 300 университетінің тізіміне енді. Аталмыш көрсеткіш әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналғалы отырған оқу ордасы үшін таңдаған бағытың дұрыстығының дәлелі. Жұмыс берушілердің ҚазҰУ түлектерінің кәсібилігін жоғары бағалауы ұлттық университет үшін ерекше мақтаныш. Түлектердің сұранысқа ие табысты маман болуы университет қызметінің негізгі көрсеткіші. eldana Шымкент әкімі: Ол «свиданияға» бара алмайды