- Басты бет
- Жаңалықтар
- MEDIA START-2026: First Year Media Orientation – университеттік өмірге алғашқы қадам
MEDIA START-2026: First Year Media Orientation – университеттік өмірге алғашқы қадам
1 қыркүйекте журналистика факультетінде факультет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамының жаңадан қабылданған бірінші курс студенттермен кездесуі өтті. Кездесу студенттердің университет өміріне бейімделуіне, факультеттің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуына және болашақ кәсіби ортасы туралы алғашқы түсінік қалыптастыруына мүмкіндік берген маңызды іс-шара болды.
Бірінші курс студенттері үшін қыркүйектің алғашқы күні жаңа оқу жылының басталуымен ғана емес, сонымен қатар білім мен тәжірибеге, шығармашылық ізденіске және кәсіби дамуға толы университеттік өмірдің жаңа кезеңінің басталуымен ерекшеленді. Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор Бақытжан Бауыржанұлы университет ректорының атынан студенттерді Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Алда бірінші курс студенттерін алғашқы дәрістер, жаңа таныстықтар, шығармашылық тапсырмалар мен кәсіби сынақтар күтіп тұр. Студенттерге білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, студенттердің кәсіби дамуына арналған мүмкіндіктер, оқу және сабақтан тыс жобалар, сондай-ақ журналистика мен заманауи медианың қоғамдағы рөлі туралы айтылды. Осындай кездесулер студенттердің университет өміріне қадам басып, таңдаған мамандығының қыр-сырын танып, болашақ кәсіби жолын қалыптастыруына негіз болады. Кездесуде факультеттегі академиялық және шығармашылық ортаның ерекшелігіне, сондай-ақ студенттерге алғашқы курстан бастап берілетін мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.
Журналистика факультеті жаңа студенттер легін шын жүректен құттықтап, олардың университеттегі оқу жолының жарқын, мәнді де табысты болуына тілектестік білдіреді!
