Журналистика факультетінің 1-курс студенттерімен кампус-тур
29 тамыз күні журналистика факультетінде бірінші курс студенттерінің факультет активистерімен кездесуі өтті. Іс-шара аясында жаңадан қабылданған студенттерге арналған кампус-тур ұйымдастырылып, олар университет ортасымен және алдағы студенттік өмірі өтетін факультетпен жақынырақ танысты.
Кампус-тур барысында бірінші курс студенттері факультет пен университеттің негізгі оқу және қоғамдық орындарын аралап, олардың қызметі мен мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды. Факультет активистері өздерінің студенттік тәжірибесімен бөлісіп, оқу жылында ұйымдастырылатын түрлі іс-шаралар, жобалар мен бастамалар туралы айтып берді.
Студенттерге факультеттегі студенттік активистиканың қызметі, шығармашылық және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттік ұйымдардың жұмысына қатысу жолдары таныстырылды. Активистер бірінші курс студенттерін факультет өміріне белсенді араласуға, өз идеяларын жүзеге асыруға, жаңа достар мен пікірлес жандар табуға шақырды.
Еркін форматта өткен кампус-тур бірінші курс студенттеріне бір-бірімен жақынырақ танысып, оқу жылы басталмай тұрып-ақ факультет өміріне етене араласуға мүмкіндік берді.