- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаңа Конституция және мемлекеттік басқаруды демократияландыру»: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да маңызды кездесу өтті
«Жаңа Конституция және мемлекеттік басқаруды демократияландыру»: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да маңызды кездесу өтті
3 қыркүйек күні География және табиғатты пайдалану факультетінде студенттер мен оқытушылар құрамына арналған танымдық дәріс пен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Жиынның негізгі тақырыбы — «Жаңа Конституция және мемлекеттік басқаруды демократияландыру: билік тармақтарының тепе-теңдігі және азаматтық қоғам» мәселелеріне арналды.

Кездесу қонағы:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты - Айғаринова Гүлнар Тулеухадировна.
Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, туындаған өзекті мәселелер төңірегінде тұщымды жауаптар алды. Ашық әрі еркін форматта өткен іс-шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Белсене қатысқан барша студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына алғыс білдіреміз!
