Қазақтың қайсар қызы!

18 тамыз, 2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Эльмира Сыздыкова Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында еркін күрестен қола жүлдеге ие болды.

Эльмира Сыздыкова – қазақ балуаны, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Голден Гран-при – 2013 халықаралық турнирінің күміс, 2014 жылғы Азия чемпионатының қола жүлде иегері.

Ол ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Мысыр елінің балуанын 7:4 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл – қазақ қыздарының күрес түрлерінен Олимпиададағы алғашқы медалі.

Осылайша Эльмира Қазақстанның Рио Олимпиадасындағы он екінші медалін жеңіп алды. Бұған дейін ҚазҰУ студенттері Дмитрий Баландин жүзуден алтын және Елдос Сметов күрестен күміс жүлдені Қазақстан қоржынына салған болатын.