Ғылым мен халықаралық ынтымақтастық: жаңа көкжиектер — ҚазҰУ

Ғылым мен халықаралық ынтымақтастық: жаңа көкжиектер

8 қыркүйек 2026
Ғылым мен халықаралық ынтымақтастық: жаңа көкжиектер

 

 

2026 жылғы 7 қыркүйекте Философия және саясаттану факультетінде ғылыми-инновациялық қызмет пен халықаралық байланыстарды дамытуға арналған жұмыс кездесуі өтті.

Жиынға факультет деканы Мейірбаев Бекжан Берікбаевич, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Шакирова Арайлы Далеловна, сондай-ақ философия, сясаттану және саяси технологиялар, педагогика және білім беру менеджменті, жалпы және қолданбалы психология, дінтану және мәдениеттану, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедра меңгерушілерінің осы бағытқа жауапты орынбасарлары қатысты.

Кездесу барысында факультеттің алдағы жылға арналған негізгі мақсаттары мен басым бағыттары талқыланып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, инновациялық жобаларды дамыту, халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту және білім алушылардың ғылыми белсенділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, халықаралық әріптестік байланыстарды нығайту, шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ғылыми жарияланымдар мен зерттеу бастамаларының сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар ортаға салынды.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы жылға арналған жұмыс жоспары пысықталып, белгіленген мақсаттарды жүйелі түрде жүзеге асыруға бағытталған бірқатар міндеттер айқындалды.

Факультет ұжымы ғылыми-инновациялық әлеуетті арттыру, халықаралық байланыстарды кеңейту және жаңа бастамаларды тиімді іске асыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырады.