- Басты бет
- Жаңалықтар
- Факультетте жаңа оқу жылына дайындық және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды
Факультетте жаңа оқу жылына дайындық және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды
Жаңа оқу жылы қарсаңында факультетте оқу процесін сапалы ұйымдастыру, аудиториялардың дайындығы және оқу корпусының инфрақұрылымдық жағдайын жақсарту мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алина Кульбаевна Галеева, Басқарма мүшесі – қаржы-шаруашылық мәселелері және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры Абдрахман Батырбекович Тасыбаев, Экономика және қаржы департаментінің директоры Асем Жанабековна Макашова, құрылымдық бөлімдер басшылары, факультет деканы Бекжан Берікбайұлы Мейрбаев, сондай-ақ факультет кафедраларының меңгерушілері қатысты.
Жұмыс кездесуі барысында факультеттің жаңа оқу жылына дайындығы жан-жақты сараланды. Негізгі назар оқу аудиторияларының оқу процесіне дайындығына, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне және оқу корпусының жалпы жағдайына аударылды. Сонымен қатар білім алушылар мен оқытушылар үшін қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Күн тәртібінде факультет инфрақұрылымын дамыту және оқу ғимаратының жағдайын жақсарту мәселелері де кеңінен талқыланды. Аудиторияларды тиімді пайдалану, қажетті жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және оқу процесін үздіксіз қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер көтерілді.
Кездесудің маңызды бағыттарының бірі – штаттық кестеге сәйкес оқу жүктемесін кафедралар арасында тиімді бөлу болды. Кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау, оны штаттық бірліктерге сәйкестендіру, сондай-ақ оқу процесін тиімді ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қарастырылып, кафедра меңгерушілеріне тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.
Жұмыс кездесуі барысында факультеттің қазіргі жағдайына қатысты ұсыныстар мен нақты мәселелер сараланып, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасу жүргізілді. Жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау, оқу процесінің сапасын арттыру, инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жетілдіру және білім алушыларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы басым міндеттер айқындалды.
Басқа жаңалықтар