ҚазҰУ студенттері «Kitap Time–2026» республикалық кітап фестиваліне қатысты — ҚазҰУ

ҚазҰУ студенттері «Kitap Time–2026» республикалық кітап фестиваліне қатысты

11 қыркүйек 2026
ҚазҰУ студенттері «Kitap Time–2026» республикалық кітап фестиваліне қатысты

2026 жылдың 11 қыркүйегінде Философия және саясаттану факультетінің студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен «Kitap Time-2026» республикалық кітап фестиваліне қатысты. 

Фестивальдің негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау, оқырман мен кітап арасындағы байланысты жаңа форматта дамыту, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және білімді, ойлы, мәдениеті жоғары ұрпақ қалыптастыру. 

«KitapTime-2026» фестивалі аясында әдебиет пен өнер, білім мен медиа салаларының өзара байланысын нығайтуға бағытталған бірқатар мәдени және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Фестиваль бағдарламасындағы жаңалықтардың бірі – Серб әдебиеті бұрышының ашылуы. Жаңа әдеби кеңістік Қазақстан мен Сербия арасындағы мәдени байланысты нығайтып, серб әдебиеті мен мәдениетін қазақстандық оқырманға кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.