ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРЛЕР” танымдық сағаты — ҚазҰУ

ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРЛЕР” танымдық сағаты

11 қыркүйек 2026
ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРЛЕР”  танымдық сағаты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушыларына “ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРЛЕР” тақырыбында танымдық сағат өтті. Танымдық сағаттың мақсаты – жастарға Отанға деген сүйіспеншіліктің, елге адал қызмет етудің және азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, қазақ халқының тарихында елінің тәуелсіздігі мен болашағы үшін еңбек еткен көрнекті тұлғалардың өмірі мен ерлік жолын таныстыру.

Іс-шара барысында тыңдаушылар халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған батырлар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ел болашағына үлес қосқан тұлғалар туралы мағлұмат алды. Олардың ел қорғаудағы ерлігі, халық бірлігін нығайтудағы еңбегі, білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі туралы айтылды.

Танымдық сағатта Отанды сүю тек сөзбен емес, нақты іспен, білім алумен, адал еңбек етумен және қоғамға пайдалы азамат болумен көрінетіні атап өтілді. Тыңдаушылар тақырыпқа байланысты пікір алмасып, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірінен үлгі алудың маңыздылығын талқылады.

Іс-шара соңында жастарға ел тарихын білу, ұлттық құндылықтарды құрметтеу, туған жерге деген жауапкершілікті сезіну және Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу әр азаматтың парызы екені түсіндірілді. Танымдық сағат тыңдаушылардың тарихи санасын қалыптастырып, патриоттық сезімін арттыруға ықпал етті.