«Студенттің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында өткізілген құқықтық сағат — ҚазҰУ

«Студенттің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында өткізілген құқықтық сағат

16 қыркүйек 2026
«Студенттің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында өткізілген құқықтық сағат

Мақсаты:

– Тыңдаушыларға студенттердің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру;

– Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу;

– Құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру;

– Университеттегі ішкі тәртіп ережелерін сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу маңызын түсіндіру.

Құқықтық сағат барысында тыңдаушыларға студенттің білім алуға, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасына, өз пікірін білдіруге және университеттің білім беру үдерісіне қатысуға байланысты құқықтары түсіндірілді. Сонымен қатар білім алушылардың оқу тәртібін сақтау, сабақтарға жауапкершілікпен қатысу, оқытушылар мен басқа студенттерді құрметтеу, университеттің ішкі тәртіп талаптарын орындау сияқты міндеттеріне назар аударылды.

Іс-шара барысында құқық пен міндеттің өзара байланысы түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, өз құқықтарын сауатты қорғау және басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу қажеттілігі атап өтілді. Құқықтық мәдениеті жоғары, жауапты және тәртіпті студент қалыптастыру – іс-шараның негізгі тәрбиелік бағыттарының бірі болды.