- Басты бет
- Жаңалықтар
- Профессор Eunkyung Oh Корея-Орталық Азия Саммиті 2026 аясында Arirang TV арнасына сараптамалық сұхбат берді
Профессор Eunkyung Oh Корея-Орталық Азия Саммиті 2026 аясында Arirang TV арнасына сараптамалық сұхбат берді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сенімді серіктесі, әріптесі әрі жақын досы, кореялық профессор Eunkyung Oh «Корея – Орталық Азия Саммиті 2026» аясында халықаралық Arirang TV арнасында сараптамалық сұхбат берді.
Сұхбат барысында өңірлік ынтымақтастық үшін өте өзекті мәселе көтерілді: бүгінде Орталық Азияда корей тілін меңгерген жастар қатары көп болғанымен, Кореяның өзінде қазақ және өзбек тілдерін меңгерген мамандардың үлесі әлі де шектеулі. Профессор Ынкён О осы алшақтықты жою екіжақты нағыз әріптестік пен теңгерімді стратегиялық серіктестіктің басты кілті екенін ерекше атап өтті.
Бұл сараптамалық пайымдау – біздің университеттің халықаралық ынтымақтастық пен академикалық дипломатиядағы жетекші рөлін айқындайтын маңызды қадам. Профессор Eunkyung Oh – біздің ортақ мақтанышымыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Түркітану мен тіл теориясы кафедрасының ұжымы атынан профессорды шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған барлық игі идеяларыңыз бен ғылыми жобаларыңыз сәтті жүзеге асса екен дегіміз келеді. ҚазҰУ әрдайым сізбен бірге!
Құрметпен,
Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Авакова Раушангуль Амирдиновна