Рахметова Майрагүл Тілепқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01501 – Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Рахметова Майрагүл Тілепқызының «Болашақ физика мұғалімдерінің экологиялық құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ.
Ресми рецензенттер:
1.Ермекова Жадыра Керимбаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Білім жоғары мектебі Жаратылыстану білімдері және педагогикалық инновациялар кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан)
2. Жанатбекова Назым Жанатбеккызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Абыканова Бакытгуль Толыбековна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Атырау қ., Қазақстан);
2. Чорух Али – PhD, профессор, Физика кафедрасындағы Жалпы физика бөлімінің меңгерушісі, Сакарья университеті (Сакарья қаласы, Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Мұкұшев Базарбек Агзашұлы – Педагогика ғылымдарының докторы, Физика және химия кафедрасының профессоры, Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қ., Қазақстан)
2. Мансурова Айжан Акжигиткызы – PhD, Назарбаев Зияткерлік мектебі Алматы-Медеу директорының орынбасары (Алматы қ., Қазақстан)
3. Doğru Mustafa ((Догру Мустафа)) – PhD, Білім беру факультетінің қауымдастырылған профессоры, Ақдениз университеті (Анталья қ., Түркия)
Қорғау 2026 жылдың 23 - қазанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D07108 – Электр энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», «8D05309 – Ядролық медицина», «6D071900/8D06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және оффлайн аралас формат түрінде өтеді.
Zoom кездесуіне қосылу:
https://zoom.us/j/92837937994?pwd=sqVXsUlj8MHgb9tOYl67w7hqqQ8EIj.1
Конференция идентификаторы: 928 3793 7994
Басқа жаңалықтар