ЭжБЖМ студенттері халықаралық білім беру мүмкіндіктерімен танысты — ҚазҰУ

ЭжБЖМ студенттері халықаралық білім беру мүмкіндіктерімен танысты

21 қыркүйек 2026
ЭжБЖМ студенттері халықаралық білім беру мүмкіндіктерімен танысты

21 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттерге арналған халықаралық білім беру мүмкіндіктері бойынша ақпараттық кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ЭжБЖМ студенттерін университет ұсынатын халықаралық білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру, бағдарламаларға қатысу тәртібін түсіндіру және академиялық ұтқырлыққа қызығушылықты арттыру болды.

Кездесуге ЭжБЖМ деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Шыңғыс Нұрғазы, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің өкілі Евгения Танасогло, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеуден сәтті өткен студенттер Пупынин Арслан Алексеевич, Марат Нұрай Аманжолқызы және Суннатов Әділет Еркебұланұлы қатысты.

Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім беру, конкурстық іріктеуден өту, шетелдік университетті таңдау және шетелде білім алуға дайындық барысы туралы айтып берді. Өз кезегінде Евгения Танасогло халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері мен негізгі талаптар туралы ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында қатысушыларға халықаралық бағдарламалардың мүмкіндіктері, өтінім беру және іріктеу кезеңдері, қажетті құжаттарды дайындау, серіктес университеттерді таңдау және шетелде білім алудың ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.

Халықаралық бағдарламаларға қатысқан студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, шетелдік университеттердегі оқу үдерісі, жаңа академиялық және мәдени ортаға бейімделу туралы айтып, болашақ қатысушыларға практикалық кеңестер берді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ЭжБЖМстуденттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің өкілдері мен халықаралық бағдарламаларға қатысушылардан тікелей жауап алды.

Мұндай кездесулер студенттердің халықаралық білім беру бағдарламалары туралы хабардарлығын арттыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және жаңа білім мен тәжірибе алуға ұмтылысын қолдауға бағытталған.