Қытайтану кафедрасында бірінші курс студенттеріне арналған эдвайзерлік сағат өтті — ҚазҰУ

Қытайтану кафедрасында бірінші курс студенттеріне арналған эдвайзерлік сағат өтті

18 қыркүйек 2026
Қытайтану кафедрасында бірінші курс студенттеріне арналған эдвайзерлік сағат өтті

2026 жылдың 18 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті «Қытайтану» кафедрасының аға оқытушысы Дүйсенбай Құлпынай 1 курс Шығыстану (қазақ бөлімі) және Шетел филологиясы (қытай тілі, қазақ бөлімі) 2+2 бағдарламасы студенттерімен эдвайзерлік сағат өткізді.

Тәртіптік мәдениетті қалыптастыру, студенттердің жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында өткізілген тәрбие сағатында «Студенттің ар-намыс кодексі», «Студент туралы ереже» және «Жатақхана ережелері» сияқты үш негізгі нормативтік құжаттың талаптары толық талқыланды.

Сағат барысында университеттегі оқу тәртібі, мінез-құлық нормалары, сабаққа қатысу тәртібі, жатақханадағы тұру қағидалары, қауіпсіздік шаралары және тәртіп бұзушылықтарға жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, университет ішкі тәртіп ережелері бойынша терең білім алды.

Іс-шара нәтижесінде бірінші курс студенттерінің оқу ортасына бейімделуі жақсарып, нормативтік талаптарды сақтау санасы нығайды.