Озбекбай Бакытжан Орынгалиулы — ҚазҰУ

Озбекбай Бакытжан Орынгалиулы

25 қыркүйек 2026
Озбекбай Бакытжан Орынгалиулы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «8D05404 – Іргелі және қолданбалы математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Озбекбай Бакытжан Орынгалиулының   «Симметриялық кеңістіктерде анықталған кейбір сингулярлы интегралдық операторлардың спектрі»   тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, математика кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Мынбаев Кайрат Турысбекович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Касымов Айдын Адилович– PhD, қауымдастырылған профессор, Математика және математикалық моделдеу институты, (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

  1. Туленов Канат Серикович – PhD, профессор , Математика және математикалық моделдеу институты, (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Guillermo P. Curbera – PhD, профессор, Севилья университеті, (Севилья қ., Испания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Несипбаев Ерлан Хабдулханулы – PhD, ғылыми қызметкер, Жаңа Оңтүстік Уэльс университеті, (Сидней қ., Австралия);
  2. Даирбеков Нурлан Слямханович – физика - математика ғылымдарының докторы, профессор, Нархоз Университеті, (Алматы қ., Қазақстан);
  3. Қуанышов Нұрсұлтан – PhD, қауымдастырылған профессор, СДУ университеті, (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылғы 27 қазан, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы «6D060100 (8D05401) – Математика», «8D05404 - Іргелі және қолданбалы математика», «8D05405 - Есептеу ғылымдары және статистика» және «6D070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу»мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және оффлайн аралас формат түрінде өтеді.

Қорғау орны (оффлайн): механика-математика факультеті, 413 ауд. 

Zoom конференциясына қосылу(онлайн): Қорғау Озбекбай Б.О.