«Парасыз қоғамға қадам» атты дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 25 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Парасыз қоғамға қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара сағат 10:00-де 214-аудиторияда өтіп, оған «6В05108 – Биомедицина» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, студенттердің құқықтық сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және жастардың парасыз қоғам қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Студенттер тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтар қойып, белсенді пікір алмасты.
Кездесу қорытындысында адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға құрмет көрсету – сыбайлас жемқорлықсыз қоғам қалыптастырудың негізгі қағидаттары екені атап өтілді.
«Парасыз қоғамға қадам» атты дөңгелек үстел студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналы көзқарасын қалыптастыруға және жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.