Факультетте декан орынбасарлары мен куратор-эдвайзерлердің кездесуі өтті
2026 жылғы 25 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде декан орынбасарлары мен куратор-эдвайзерлердің жұмыс кездесуі өтті.
Жиын барысында студенттермен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу көрсеткіштерін бақылау, сондай-ақ куратор-эдвайзерлердің оқу жылындағы негізгі міндеттері талқыланды.
Кездесуде студенттер арасында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, университеттің ішкі тәртіп ережелерін орындау, факультет пен университет деңгейіндегі қоғамдық және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар куратор-эдвайзерлерге студенттермен тұрақты кері байланыс орнату, олардың оқу барысы мен әлеуметтік жағдайын бақылау, туындаған мәселелерді уақтылы анықтап, факультет әкімшілігімен бірлесіп шешу бойынша ұсыныстар берілді.
Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, студенттермен жүйелі жұмыс жүргізу, олардың академиялық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдай қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.