Дүниежүзілік туризм күніне арналған мерекелік концерт өтті — ҚазҰУ

Дүниежүзілік туризм күніне арналған мерекелік концерт өтті

30 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік туризм күніне арналған мерекелік концерт өтті

29 қыркүйекте Рекреациялық география және туризм кафедрасы студенттерінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Шараға кафедра оқытушылары, студенттері, түлектері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Концерт «Кино әлемі» тақырыбында ұйымдастырылып, көрермендерге туризмнің кино өнеріндегі көрінісін түрлі шығармашылық қойылымдар арқылы таныстырды. Сонымен қатар, студенттер әртүрлі елдер мен халықтардың мәдениетін танытатын музыкалық және би нөмірлерін орындап, ұлттық мәдениеттердің алуан түрлілігін көрсетті.

2026 жылғы Дүниежүзілік туризм күнінің тақырыбы «Туризмді қайта түлетудегі цифрлық күн тәртібі және жасанды интеллект» идеяларымен үндесе отырып, заманауи технологиялардың туризм саласындағы маңызын да атап өтуге мүмкіндік берді.

Мерекелік шара студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, туризм саласына деген қызығушылықты арттыруға және әртүрлі курс студенттері арасындағы өзара байланыс пен достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.