Авторлық құқық: журналист, блогер, кинематографист — ҚазҰУ

Авторлық құқық: журналист, блогер, кинематографист

15 қыркүйек 2026
Авторлық құқық: журналист, блогер, кинематографист

Университетімізде Журналистика факультетінің 1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті. Іс-шара «Медиа және коммуникациялар» мамандығының студенттері арасында «Авторлық құқық: журналист, блогер, кинематографист» тақырыбында пікірталас форматында ұйымдастырылды. Аталған тақырып қазіргі таңда әлемде, сонымен қатар Журналистика факультетінде де өзекті болып отыр. Себебі факультетте студенттер «Журналистика», «Медиа және коммуникациялар» және «Кино және медиа» сияқты үш бағыт бойынша білім алады.

1-курс студенттері арасындағы пікірталас қызу өтті. Әр студенттің өзіндік көзқарасы мен ұстанымы болды. Талқылау барысында білім алушылар интернет кеңістігінде құқықтары тұрғысынан ең осал топтардың бірі блогерлер деген қорытындыға келді. Олардың пікірінше, блогерлік жеке мамандық емес, қызмет түрі болғандықтан, блогерлердің құқықтарын қорғау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасын одан әрі жетілдіру қажет.

«Медиа және коммуникациялар» мамандығының 1-курс эдвайзері,
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы
Есхуатова Н.Б.