Студенттер баспагер этикасы мен жауапкершілікті талқылады
11 қыркүйек күні Журналистика факультетінде құқықтық тәрбие бағыты бойынша «Баспагер этикасы және қоғам алдындағы жауапкершілік» атты студенттерге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі өзегі – баспа және медиа саласындағы кәсіби ұстанымдар мен маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі. Студенттер ақпаратты дайындау және тарату кезінде этикалық қағидаларды ұстану, кәсіби міндет пен қоғамдық мүдде арасындағы байланысты талқылады.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, журналистика мен баспа саласында құқықтық нормаларды білу және оларды кәсіби тәжірибеде басшылыққа алудың маңызын атап өтті.
Іс-шара студенттердің кәсіби мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапты медиамаман болуға бағытталған пікір алмасу алаңына айналды.