Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин ҚазҰУ-дың әскери кафедра ұжымымен және курсанттарымен кездесті.
Олимпиада чемпионы әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен, әскери тарих, техника, атыс даярлығы мен зениттік кешендердің құрылысымен танысып, курсанттардың сабақтарына қатысты. Әскери кафедраның ату тирінде Дмитрий Баландин автоматпен, тапаншамен ату жаттығуларын өте жақсы орындап, өз шеберлігін көрсете білді.
«Бұл жеңіс көптеген мықты, атағынан ат үркетін жүзу шеберлерімен текетіресе білді! Бұл біздің елімізді салмақты қарсылас деп саналмаған спорт түрінде қол жеткізілген жеңіс. Дмитрий Баландиннің алтын медалі барлық қазақстандықтарға сенімділік береді, еңбекқорлық пен өз ісіне деген махаббатты міндетті түрде барлығымызға жетістік әкеледі! Осы жеңіс біздің жастарға жарқын үлгі, спортта ғана емес, өмірде алға қойған мақсаттарға қалай жетуге, қалай күресу керек екенін нақты түрде көрсетіп тұр. Дмитрий Баландин біз үшін еңбексүйгіштік пен табандылыққа, ерлікке деген сенімге және Отанды сүюдің үлгісі», – деп ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы, полковник Олег Вали-Ахметұлы бұл жеңістің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналғанын атап өтті.
Дмитрий Баландин өз сөзінде Отанымен және оның Қарулы Күштерімен мақтанатынын жеткізді. «Сіздердің қажымас еңбектеріңіздің арқасында біздің тәуелсіздігіміз қамтамасыз етіледі, әскери кафедра курсанттарына оқуда сәттілік тілеймін», – деп Дмитрий әскери қызметкерлерге ерекше ризашылығын білдірді.
Әскери кафедра курсанты Елена Моругова Дмитрий Баландиннің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті екендігі Қазақстан жастарына және университет студенттері үшін зор мақтаныш.
Кездесу соңында полковник Олег Вали-Ахметұлы студенттер мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедра ұжымының атынан Дмитрий Баландинге естелік сыйлықтар табыстады және оған біздің сүйікті Отанымыз - Қазақстан даңқы үшін спортта табыстар тіледі!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы
әскери-патриоттық және қорғаныс-бұқаралық бөлімінің бастығы
Бейсетбаева Эльнара Абайқызы