Қазақстандағы Отбасы күні

13 қыркүйек, 2016

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Психология» мамандығының 1-ші және 2-курс еріктілері, Қазақстан және Орта Азия Отбасы институті мен Алматы қаласы әкімшілігі ұйымдастырған қалалық Отбасы күніне қатысты.

Орасан зор мереке Алматы қаласының Орталық демалыс саябағында өтті. Саябақта қонақтарға арнлаған фото аймақтар, шеберлік сыныптары, ойындар, эстафеталар, спорттық ойындар мен басқа да сол сияқты  көптеген қызықты шаралар ұйымдастырды.

Саябақ қонақтарына Қазақстан Отбасы институтының мамандарынан тегін кеңес алатын аймақ жұмыс жасады. Еріктілердің міндеттеріне сол аймақ туралы қонақтарды хабарландыру кірген. Сонымен қатар кеңес алуға шақыру, тіркеу, кеңес беретін жерге дейін алып бару. Және біздің студенттеріміз мерекенің кішкентай қонақтарымен де әртүрлі ойындарға, эстафеталарға қатысты.

Қонақтар үшін де, ерікті студенттер үшін де бұл күн өте қызықты, мағыналы болды – ешкім жалыққан жоқ! Бүкіл саябақ әсем әуенге толы болды. Ерікті-студенттерге мереке ерекше әсер қалдырды, себебі адамдармен жұмыс істеген қай уақытта болмасын өте қызықты.

Студенттерді ұйымдастырған жауапты тұлға: жалпы және қолданбалы психология кафедрасы профессорының м.а. М.П. Кабакова