Құқықтық мәдениет - өркениетті қоғамның өлшемі — ҚазҰУ

Құқықтық мәдениет - өркениетті қоғамның өлшемі

5 қазан 2026
Құқықтық мәдениет - өркениетті қоғамның өлшемі

2026 жылғы 5қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Құқықтық мәдениет - өркениетті қоғамның өлшемі» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өтті. Іс-шараға «6В05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінде білім алатын 1 курс студенттері қатысты. Кездесуді куратор-эдвайзерлер Н. Мұратқызы мен Д. Манапқызы ұйымдастырды.

«Құқықтық мәдениет - өркениетті қоғамның өлшемі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында студенттер құқық пен міндеттің өзара байланысы, заңды сақтау және азаматтық жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейтті. Құқықтық сауаттылықтың әр адамның күнделікті өміріндегі маңызы талқыланды. Студенттер өз құқықтарын білуімен қатар, өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қажеттігін түсінді. Заңға құрметпен қарау – әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі екені атап өтілді. Тәрбие сағаты студенттердің құқықтық мәдениетін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы