«Өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау» тақырыбында кездесу өтті — ҚазҰУ

«Өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау» тақырыбында кездесу өтті

6 қазан 2026
«Өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау» тақырыбында кездесу өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің Зоология, гистология және цитология кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында факультеттің білім алушыларының қатысуымен 6 қазан күні «Өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау» тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара ТДМ-3 – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатына сәйкес өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың жыныстық әрі репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру.

Кездесуге арнайы шақырылған спикер – Дамели Тилешпева, Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығының (ҚМПА) Басқарма мүшесі және жыныстық және репродуктивтік денсаулық пен құқықтар (ЖРДҚ) бойынша тренер. Спикер кездесу барысында жастардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауының маңыздылығына тоқталып, денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу, дұрыс шешім қабылдау және сенімді ақпарат көздерін пайдалану мәселелері бойынша пайдалы ақпарат берді. Сонымен қатар жыныстық және репродуктивтік денсаулықты сақтау, жеке жауапкершілік және профилактикалық шаралардың маңызы талқыланды. Кездесу барысында студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ашық пікір алмасу форматында өткен іс-шара жастардың денсаулық мәселелері бойынша білімін толықтырып, өз денсаулығына саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Зоология, гистология және цитология 

кафедрасының аға оқытушылары Тілешова М.Т, Елтай Г.Е, Айсабаева А