Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз — ҚазҰУ

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

6 қазан 2026
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

2026 жылдың 6 қазанында молекулалық биология және генетика кафедрасында «6В05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының орыс бөлімінің 1 курс студенттеріне «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ұйымдастырушылар куратор-эдвайзерлер Мынбаева Д.О., Сербаева А.Д., Ержан А.Е.

Мемлекеттік рәміздер – кез келген тәуелсіз елдің егемендігін, тарихын, мәдениетін және болашақ мұраттарын айшықтайтын ең басты нышандар. Іс-шара барысында рәміздердің терең философиялық мағынасы, тарихи сабақтастық пен ұлттық код, азаматтық парыз және құрмет жайлы маңызды ойлар мен мағыналық қырлар талқыланды. Кездесу барысында студенттер мемлекеттік атрибуттарға ерекше құрмет көрсету олардың бойындағы отансүйгіштік рух пен ұлттық мақтаныш сезімін оятуға және сақтауға болатынын түсінді. Жастардың мемлекеттік рәміздерді егемендігіміздің қасиетті символы ретінде ұлықтағаны айқын көрінді.  

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы