Студентке берілген мол мүмкіндіктер хақында
Мен шығыстану факультеті, корейтану кафедрасының 2-курс студентімін. Мен ҚазҰУ-ға түскеніме өте қуаныштымын. Өйткені қазір біздің университетімізде тіпті жазғы уақытта да шығармашылықпен айналысуға, жастармен араласуға көп мүмкіндіктер жасалған. 1-курс студенті бол тұра мен Сеулдің көшбасшы университеттерінің бірі Ханьян университетінде оқуға мүмкіндік алдым.
Бiрiншiден, бiр-екi ауыз осы бағдарлама жайлы айтқым келедi: жылда бiздiң кафедра Hangyang University-мен бiрге жүзеге асырылып отырған Global Class бағдарлмасы шенберiнде, мен бiр айлық Hanguyang International summer school мектебiнде жаңа бiлiм ала отырып, Қазақ ұлттық университетiнде бiлiмiмдi қолданудамын. Шетел студенттермен қатар презентацияларды қорғай аламын. Және әлемнiң әр түпкiрiнен келген студенттермен қатар бiр топта жұмыс атқара отырып, қосымша дағдыларға ие болдым. Сонымен қатар, шетел студенттерiне арнайы көп қызықты iс-шаралар өткiзiледi. Олардын негiзгi мақсаты - "Таңғы сергектiк" мемлекетiнiң мәдениет және тарихпен терең таныстыру.
ҚазҰУ өзге де алдыңғы қатарлы университеттер сияқты жоғары деңгейде білім бере алатыны ерекше қуантады. Шетелдік университеттермен қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу келешекте мемлекеттер арасында халықаралық қатынастар орнатуға көптеген мүмкіндіктер ашады. Менің Кореяда алған білімім жемісті болды деп ойламын.