11 қыркүйектен кейінгі әлем: қауіпсіздік пен бейбітшілік құндылығы — ҚазҰУ

11 қыркүйектен кейінгі әлем: қауіпсіздік пен бейбітшілік құндылығы

11 қыркүйек 2026
11 қыркүйектен кейінгі әлем: қауіпсіздік пен бейбітшілік құндылығы

11 қыркүйекте Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қанат Әлихан КТ-228 тобының студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «11 қыркүйектен кейінгі әлем: қауіпсіздік пен бейбітшілік құндылығы» тақырыбы талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – 2001 жылғы 11 қыркүйекте орын алған лаңкестік оқиғалардың әлемдік қауіпсіздік жүйесіне және халықаралық қатынастардың дамуына тигізген ықпалын қарастыру. Сондай-ақ терроризмге қарсы күрес саясатының өзгерістері мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне назар аударылды.
Талқылау Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсатымен, яғни бейбітшілік, әділдік және тиімді институттарды қалыптастыру қағидаттарымен байланыстырылды. Қатысушылар терроризм мен экстремизмнің алдын алуда құқықтық мәдениеттің, сыни ойлаудың, ақпараттық сауаттылықтың және азаматтық жауапкершіліктің маңызын қарастырды.
Кездесу барысында қазіргі әлемдегі бейбітшілікті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізілді. Студенттер жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұруда құқықтық білім мен саналы азаматтық ұстанымның рөліне назар аударды.
Іс-шара қорытындысында адам өмірін қорғау, бейбітшілікті сақтау және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің маңызды міндеттері екені атап өтілді. Мұндай кездесулер жастардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың әлемдік оқиғаларға жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.