Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері бос білім беру гранттарына ие болды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және Мәдениеттану білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын бес студент бос білім беру гранттарына ие болды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 2 қазандағы №474 «Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы» бұйрығына сәйкес, 2025–2026 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша төмендегі 2-курс студенттеріне білім беру гранттары тағайындалды:
6B02203 – «Дінтану» білім беру бағдарламасы:
- Асхатқызы Айсара;
- Тұрдықұл Жалғас Бахытұлы;
- Нұрғожа Нұрайым Маратқызы;
- Көпжасар Альбина Әбдіманапқызы.
6B03102 – «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы:
- Колесниченко Дарьяна Ивановна.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді осы жетістіктерімен құттықтап, алдағы оқу жолында табыс, кәсіби дамуға ұмтылыс және жаңа жетістіктер тілейді!