Студенттер үйіндегі кездесу — ҚазҰУ

Студенттер үйіндегі кездесу

12 қазан 2026
Студенттер үйіндегі кездесу

Студенттер үйі – шалғай жердегі елді мекендерден (ауыл, қала) келіп, білім алып жүрген студенттерге арналған тұратын орын. Студенттер үйінде тұру студенттерге өз бетінше өмір сүруді, уақытты тиімді пайдалануды, жауапкершілікті және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді.

Студенттер үйінде тұратын әрбір студент ішкі тәртіп ережелерін сақтауы керек. Бұл ережелер барлық тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін белгіленеді.

2026 жылғы 12 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының оқытушы-эдвайзерлері 16-шы Студенттер үйінде (жатақхана) тұратын студенттермен кездесіп, олардың студенттік өмірлерімен танысып, жатақхананы аралап, жай-күйін біліп, көріп жалпы ондағы ішкі тәртіп Ережелерімен таныстыру, жатақхана тәртіптерін сақтау маңыздылығы жайлы іс-шара өткізді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге Студенттер үйінде (жатақханада) тұру тәртібін түсіндіру, ішкі тәртіп Ережелерін сақтау қажеттілігін жеткізу және ондағы студенттердің жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар, студенттер арасында тәртіпті нығайту, өзара сыйластықты қалыптастыру және қауіпсіз әрі қолайлы орта құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарына: 4-мақсат – «Сапалы білім», 5-мақсат – «Гендерлік теңдік» және 11-мақсат – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» мақсаттарымен ұштаса отырып ұйымдастырылып, оның бағыттары маңыздылығы түсіндіріле отырып өткізілді.

Іс-шараға Студенттер үйінде тұратын факультеттің 1, 2 және 3-курс студенттері белсенді қатысты. Кездесу барысында жатақханада тұратын студенттердің құқықтары мен міндеттері, ортақ пайдаланылатын орындарды таза ұстау, тыныштық сақтау және басқа тұрғындардың жеке кеңістігін құрметтеу мәселелері қарастырылды. Студенттерге белгіленген ережелерді сақтау әрбір адамның міндеті екені түсіндірілді.

Сапалы білім мақсаты студенттердің білім алуына қолайлы жағдай жасаумен байланысты. Жатақханадағы тәртіп пен тыныштық студенттердің сабаққа дайындалуына және білім сапасын арттыруына ықпал етеді. Гендерлік теңдік мақсаты барлық студенттерге тең мүмкіндік беруді, олардың құқықтарын құрметтеуді және кемсітушілікке жол бермеуді көздейді. Ал тұрақты қалалар мен елді мекендер мақсаты қауіпсіз, таза және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастырумен байланысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар студенттерге ережелерді сақтаудың маңызын түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, жатақханадағы тәртіпті жақсартуға қатысты ойларымен бөлісті.

Студенттер үйінің негізгі ішкі ережелері:

  1. Тазалық сақтау. Әр студент өз бөлмесін таза ұстап, төсек-орнын жинап, ортақ пайдаланылатын асүй, жуынатын бөлме және дәліздердің тазалығына жауапкершілікпен қарауы қажет.

  2. Тыныштық сақтау. Кешкі және түнгі уақытта қатты сөйлеуге, музыка қоюға және басқа студенттердің тыныштығын бұзуға болмайды.

  3. Уақыт тәртібін сақтау. Студенттер үйіне кіру және шығу уақыты жатақхананың ішкі тәртібіне сәйкес болуы керек. Кешігіп келу жағдайында жауапты тәрбиешіге немесе әкімшілікке хабарлау қажет.

  4. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау және бөлмеде қауіпті заттарды сақтамау маңызды.

  5. Басқа студенттерді құрметтеу. Бөлмелестермен жақсы қарым-қатынаста болып, олардың жеке заттарына рұқсатсыз қол тигізбеу керек.

  6. Қонақ қабылдау тәртібі. Қонақтарды тек жатақхана әкімшілігі белгілеген тәртіппен кіргізуге рұқсат етіледі.

  7. Мүлікке ұқыпты қарау. Жатақханадағы жиһазды, тұрмыстық техниканы және басқа да заттарды бүлдірмеу қажет.

  8. Тыйым салынған әрекеттерден аулақ болу. Ішкі ережелерге қайшы әрекеттер жасауға, жанжал шығаруға және басқа тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруге болмайды.

Бұл іс-шара студенттердің ішкі тәртіп ережелері туралы білімін арттыруға, жауапкершілігін қалыптастыруға және жатақханада қолайлы орта құруға бағытталды. Мұндай кездесулер студенттердің тәртіпті сақтауына, бір-біріне құрметпен қарауына және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді. Кездесу барасында оқытушы-эдвайзерлер өздерінің де студенттік кездерін еске алып, жатақханадағы өмірлерінен естелікпен бөлісіп балаларға жақсы әсерлер бере алды. Кездесу қызықты да пайдалы өткендігі студенттердің қошаметінен, белсенді пікір таластарынан, ризашылықтарынан көрінді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының меңгерушісі м.а.  Есенгазиева С.К. және оқытушы-эвдайзерлер: Иляшова Г.К., Тураров Д.Р., Табеев Т.П. және Бейжанова Д.Т.