Кәсіподақтар күніне орай кәсіподақ белсенділері марапатталды — ҚазҰУ

Кәсіподақтар күніне орай кәсіподақ белсенділері марапатталды

8 қазан 2026
Кәсіподақтар күніне орай кәсіподақ белсенділері марапатталды

2026 жылғы 8 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кәсіподақтар күніне орай кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып, университет ұжымының қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – кәсіподақ қызметіне атсалысып жүрген қызметкерлердің еңбегін бағалау, олардың қоғамдық бастамаларын қолдау және ұжым арасындағы ынтымақтастық пен өзара қолдау мәдениетін нығайту.

Марапаттау рәсімі аясында Биология және биотехнология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Басыгараев Жандос Махабатович «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат оның кәсіби қызметіне, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына және университет өміріне қосқан үлесіне көрсетілген құрметтің белгісі болып табылады.

Басыгараев Жандос Махабатович студент жастармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және университеттің мәдени-әлеуметтік өмірін дамытуға үлес қосып келеді. Оның еңбегінің марапатталуы – кәсіби жауапкершілігі мен қоғамдық қызметіне берілген лайықты баға.

Кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда, олардың бастамаларын қолдауда және ұжымдық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Осындай марапаттау рәсімдері қызметкерлердің еңбегін бағалап қана қоймай, кәсіподақ қозғалысының маңыздылығын арттырып, университет ұжымындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Биология және биотехнология факультетінің ұжымы Жандос Махабатовичті шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейді! 

Факультетінің деканы Нармуратова Мейрамкуль Худретовна