Иван Червинский ҚазҰУ-да қазақ тілін тереңдетіп үйренуде !
Әлеуметтік желілерде «Алға Қазақстан» жобасымен танымал медиаөкіл әрі блогер Иван Червинский Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келіп, қазақ тілін меңгеру сабақтарына белсене қатысуда.
Иван Қазақстанға көшіп келіп, отандық медиа мен журналистика саласында жемісті еңбек етіп жүргендіктен, мемлекеттік тілді еркін әрі сауатты меңгеруді басты мақсаттарының бірі етіп қойған.

Бүгінде ол А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті м.а., PhD Жанат Сәрсенбайдың дәрістеріне қатысып, ана тіліміздің грамматикасы мен сөйлеу мәдениетін тереңдете меңгеруде.
«Қазақстанда өмір сүріп, журналистика саласында жүргеннен кейін қазақ тілін білу – уақыт талабы әрі елге деген құрмет. ҚазҰУ-дай білім ордасында білікті мамандардан дәріс алу – мен үшін үлкен мүмкіндік», - дейді Иван Червинский.
Еліміз бен тілімізге деген шынайы құрмет пен ұмтылыс – баршамызға үлгі! Иванға қазақ тілін меңгеру жолында табандылық пен жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!