Қазіргі Қазақстандағы Дін және жастар

27 қыркүйек, 2016

Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениет кафедрасы Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп «Қазіргі Қазақстандағы Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты экстремизм және терроризм идеяларының халық арасында, әсіресе жастар арасында, таралуының алдын алу.

Дөңгелек үстел Философия және саясаттану факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарыН.С. Альгожаеваның алғы сөзінен басталды. Содан кейін сарапшылардың қызу талқылауымен жалғасқан баяндамалар оқылып, елімізде болған, болып жатқан жағдайларға байланысты пікірлерін ортаға салды. Прокуратура өкілдері әлеуметтік желілерде ақпаратты экстремизмге қарсы күрес маңыздылығын атап өтті, студенттерден оқыған ақпаратты тексеріп, дереу тиісті органдарға хабарлауды, өте мұқият болуды сұрады.

Дөңгелек үстел барысында 3 және 4 курс студенттері арасында жүлделі орындарға байқау өтті. Студенттер сайысқа өте жақсы дайындалып, презентациялар, бейне материалдар, сауалнама нәтижелерін баяндады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі дөңгелек үстелді қорытындап, барлық қатысушыларға алғыс айтты. Өз кезегінде, Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері осы іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Альджанова Н.К., Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ғылыми-инновациялық және халықаралық қызметтестік жұмыс бойынша меңгеруші орынбасары, Нұрлан Ә.Н., дінтану мамандығының 2 курс магистранты