- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Тәртіп – тәрбие бастауы, заң – қоғам тірегі» тақырыбында кездесу
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Тәртіп – тәрбие бастауы, заң – қоғам тірегі» тақырыбында кездесу
2026 жылғы 7 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті.
Кездесудің негізгі тақырыптары – «Студенттің құқықтары мен міндеттері» және «Тәртіп – тәрбие бастауы, заң – қоғам тірегі». Іс-шара барысында студенттерге олардың құқықтары мен міндеттері, университеттегі тәртіп ережелері, жатақханадағы ішкі тәртіп талаптары және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Кездесуді факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж. ашып, іс-шараның мақсатына тоқталды.
Жиында Студенттік қалашық директорының орынбасары Қалшаев Есенғали Турлыбекович, Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы, 13-жатақхана коменданты Қыдырбаева Мансия Болатбековна және Студенттік қалашық кураторы Сатыбалдиева Бақытгүл Бақытбековна сөз сөйлеп, студенттерге маңызды ақпараттар ұсынды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.
Факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі
декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж.
Басқа жаңалықтар