«Таза Қазақстан»: студенттер сенбілікке белсене қатысты — ҚазҰУ

«Таза Қазақстан»: студенттер сенбілікке белсене қатысты

17 қазан 2026
«Таза Қазақстан»: студенттер сенбілікке белсене қатысты

«Таза Қазақстан» жобасы аясында студенттердің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.

Сенбілік барысында студенттер оқу орнының аумағын тазалау жұмыстарына атсалысты. Жастар белсенділік пен ұйымшылдық танытып, қоршаған ортаны таза ұстауға және оның көркеюіне өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» жобасы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама. Ол жастардың бойында табиғатқа жанашырлық таныту, қоғамдық жауапкершілікті сезіну сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Осындай игі шаралар арқылы студенттер экологиялық мәдениетті дамытуға және тазалықты сақтау идеясын кеңінен насихаттауға атсалысады.

Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Студенттердің қатысуымен өткен сенбілік қоршаған ортаны қорғаудың маңызын тағы бір мәрте айқындап, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған ортақ жауапкершілікті сезінуге ықпал етті.

 

Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

 «6B05102 Биология» білім беру бағдарламасы 

ББ 23-08 тобы

Куратор-эдвайзер: Айсабаева А.Е.