Вашингтондағы ғылыми тағылымдама және халықаралық ынтымақтастық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантының American Councils ұйымындағы ғылыми тәжірибесі 2026 жылғы 25 шілде – 27 тамыз • Вашингтон, АҚШ — ҚазҰУ

Вашингтондағы ғылыми тағылымдама және халықаралық ынтымақтастық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантының American Councils ұйымындағы ғылыми тәжірибесі 2026 жылғы 25 шілде – 27 тамыз • Вашингтон, АҚШ

18 қазан 2026
Вашингтондағы ғылыми тағылымдама және халықаралық ынтымақтастық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантының American Councils ұйымындағы ғылыми тәжірибесі 2026 жылғы 25 шілде – 27 тамыз   •   Вашингтон, АҚШ

2026 жылғы 25 шілде мен 27 тамыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетел филологиясыжәне аударма ісі кафедрасының докторанты Сейсебаев Алдияр Жандосович Вашингтон қаласындағы American Councils for International Education (ACCELS) ұйымында ғылыми тағылымдамадан өтті. Бағдарлама диссертациялық зерттеуді, кәсібиғылыми жетекшілікті және халықаралық академиялық ортаға қатысуды біріктірді.

Тағылымдаманың негізгі бағыттарының бірі шетелдік ғылыми жетекші доктор Дэн Э. Дэвидсонмен (Dan E. Davidson) бірлескен жұмыс болды. Ол American Councils зерттеу орталығының директоры, аға академиялық кеңесші, ұйымның теңқұрылтайшысы және құрметті президенті. Апта сайынғы кездесулер «Ағылшын оксюморондарын корпустықлексикографиялау» тақырыбындағы диссертациялық зерттеуге арналды.

Кеңестер барысында зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері, корпустық талдау қағидаттары, сондай-ақағылшын оксюморондарын анықтау, жіктеу және лексикографиялық сипаттаудың көпдереккөзді моделі талқыланды. Бірлескен жұмыс зерттеу құрылымын нақтылауға және оны дамытудың келесі бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.

 

 

Бағдарламаның ғылыми бөлімі зерттеуді алдын ала қорғаумен аяқталды. Нәтижелерді American Councils мамандарыныңалдында таныстыру мазмұнды кері байланыс алуға мүмкіндік беріп, диссертацияны аяқтауға дайындаудың маңыздыкезеңіне айналды.

 

Тағылымдама аясында Алдияр Сейсебаев америкалық студенттерге арналған сапар алдындағы бағдарлау бағдарламасына (Pre-Departure Orientation, PDO) қатысып, “Living in Almaty: A Local’s Perspective” атты презентация жасады. Қатысушылар Алматының мәдени және академиялық ортасымен, қаланың күнделікті өмірімен және Қазақстанның шетелдік студенттерге ұсынатын мүмкіндіктерімен танысты.

Тағылымдама әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен American Councils for International Education арасындағыынтымақтастықтың нақты үлгісіне айналды. Мұндай бастамалар халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтып, академиялық алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді және жас зерттеушілердің әлемдік ғылыми кеңістікке кірігуіне ықпал етеді.